
Кәсіби еңбекке берілген жоғары баға
Астана қаласында Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен келген зертханалық медицина мамандарын біріктірген VIII Ұлттық зертханалық медицина форумы NATFORLAB–2026 өтті.
Форум жұмысына Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының клиникалық-диагностикалық зертханасының меңгерушісі, Жамбыл облысының зертханалық қызмет бойынша бас штаттан тыс маманы Маглаперидзе Мака Демуриевна қатысты.
Форум барысында зертханалық қызметті дамыту, зертханалық зерттеулердің сапасын арттыру, мамандар даярлау, заманауи технологияларды енгізу және зертханалық қызметті жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланды.
Форумның ерекше оқиғаларының бірі – Мака Демуриевнаның Қазақстан Республикасы Зертханалық медицина федерациясының «Қазақстан Республикасының зертханалық медицинасының дамуына қосқан үлесі үшін» («За вклад в развитие лабораторной медицины Республики Казахстан») кәсіби қоғамдық медалімен марапатталуы болды.
Бұл марапаттың маңыздылығы – оның Қазақстан Республикасының зертханалық медицинасы саласындағы осындай деңгейдегі алғашқы кәсіби марапат болуында.
Бұл – маманның көп жылғы кәсіби еңбегіне, таңдаған ісіне деген адалдығына, Жамбыл облысының зертханалық қызметін дамытуға, зертханалық диагностиканың сапасын арттыруға, мамандар даярлауға және кәсіби тәжірибені кейінгі буынға жеткізуге қосқан елеулі үлесіне берілген жоғары баға.
Мака Демуриевна үшін бұл марапат зертханалық медицина саласындағы көп жылғы еңбегінің жоғары бағалануы әрі үлкен мәртебе болды.
Мака Демуриевна Маглаперидзені осы айтулы кәсіби марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге зор денсаулық, кәсіби қызметіңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер, әріптестеріңіз бен шәкірттеріңіздің алғысын, сондай-ақ Жамбыл облысының зертханалық қызметін одан әрі дамыту жолында жаңа мүмкіндіктер тілейміз!
Еңбегіңізге берілген бұл лайықты марапат отандық медицинаны дамыту жолындағы жаңа бастамалар мен биік белестерге шабыт берсін!








