Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі-нені білу қажет?

    Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі-нені білу қажет?

    Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі-зейнетақының бір бөлігі, оның мөлшері жалақыға емес, негізінен зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады. Оған, атап айтқанда, 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер кіреді.

    Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (әрі қарай-Кодекс) 249-бабының 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары осы Кодекстің 248-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірісінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

    Сонымен қатар, соңғы уақытта мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау кезінде өткен кезеңдер үшін міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы аударылмаған жағдайлары, оның ішінде өсімпұл төленбеген жағдайлар кездесуде. Бұл заңнама талаптарының бұзылуы болып табылады.

    Осыған байланысты міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы төлеуге назар аудару қажет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары