Еңбек күні

    Еңбек күні

    Қазақстанда Еңбек күні жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі.Бұл мерекенің мақсаты — жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, еңбектің құндылығын дәріптеу, кәсіби құзыреттіліктерді дамыту және еңбек адамдарының үлесін лайықты бағалау.

    23 қыркүйекте облыс әкімі Ғ.Нұрмұхамбетовтың қатысуымен Еңбек күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Департамент басшысы Манабаева Г.Х. мен департамент мамандары да қатысты. Мереке қарсаңында «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының өңірлік кезеңіндегі жеңімпаздар марапатталды. Биыл облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарынан 36 өтінім түсіп, тоғыз аталым бойынша үздіктер анықталды.

    «Парыз» байқауында қызметкерлеріне қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын жасап, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып жүрген кәсіпорындар марапатталады. Биыл жеңімпаздар қатарынан «Акселеу» ЖСШ , «Шал акын АГРО-2020» ЖШС, «САҒАТ-СК» ЖШС, «Александровское», «Утилизация и переработка» ЖШС және «Бай-Еңбек» ЖШС көрінді.

    «Еңбек жолы» байқауы өз ісіне адалдығымен көпке үлгі болған еңбек адамдарын дәріптеуге бағытталған. Үздік еңбек әулеті аталымында «Азия-Тарангул» серіктестігінде еңбек ететін Чесноковтар отбасы жеңіске
    жетті. С. М. Киров атындағы зауыт қызметкері Санат Мақанов жұмысшы жастардың үздік тәлімгері, ал Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясының қызметкері Айдарбек Қалидаров өндірістегі үздік жас маман атанды.

    Іс-шара барысында Департамент басшысы Манабаева Гүлбахыт Хакимовна бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат беріп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына алғысын білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары