Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңа тарихи кезеңдегі: өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесулер өтуде.
Жұмыс сапары аясында өңірге:
Айтуғанов Қайрат Қапарович — Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы;
Күзенбаев Елдар Қонысбайұлы — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
Қанафин Таласбек Ахмединұлы — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі келді.
Жұмыс сапарының бағдарламасы аясында «№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешеніінің қызметімен танысу және білім беру саласының қызметкерлерімен кездесу, облыстық көпбейінді ауруханаға бару, С. М. Киров атындағы зауыттың еңбек ұжымымен кездесу, сондай-ақ С. Мұқанов атындағы кітапханада мәдениет саласының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, сапарға қатысушылар Qyzyljar Creative Center орталығының қызметімен танысып, оның ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Жолдауда белгіленген міндеттер, әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары және оларды іске асыру тетіктері жөнінде пікір алмасу өтті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









