ШЫМКЕНТ: ҚАЛАҒА ЖАҢА ҚУАТТАР ҚАЖЕТ

    ШЫМКЕНТ: ҚАЛАҒА ЖАҢА ҚУАТТАР ҚАЖЕТ

    Шымкент қаласы қарқынды өсіп келеді. Халық саны артқан сайын әлеуметтік және қалалық инфрақұрылымға түсетін жүктеме де көбейіп отыр.

    Көрсеткіштер

    ·Шымкентте жыл сайын 30 мыңнан астам сәби дүниеге келеді.

    ·Қазіргі таңда босандыру қызметін 4 медициналық ұйым көрсетеді.

    ·Жаңа перинаталдық орталық 200 төсек-орынға есептелген.

    ·Орталық жылына 7 мыңға дейін ананың босануына жағдай жасай алады.

    ·Шамамен 800-1000 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

    Жаңа перинаталдық орталық Ақжайық шағын ауданында бой көтеруде.

    Оның іске қосылуы төсек-орын қорын арттыруға, қолданыстағы медициналық ұйымдарға түсетін жүктемені азайтуға және ана мен балаға көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.

    Жалпы көрініс

    Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту Шымкенттің ауқымы мен өсу қарқынына сай болуы тиіс.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының әкімдігі" жаңалықтары