
Қатысушыларға eGov.kz электрондық үкімет порталын қалай дұрыс және оңай пайдалану керектігі, мемлекеттік қызметтерді онлайн алу, қажетті ақпаратты табу және электрондық форматта өтініш беру айтылды. Цифрлық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға практикалық ұсыныстар мен жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға көмектеседі және мемлекеттік қызметтерді алуды қолжетімді әрі ыңғайлы етеді.









