ҚҰТТЫҚТАУ!

    ҚҰТТЫҚТАУ!
    Құрметті қазыналы қариялар!
    Ардақты ардагерлер!
    Сіздерді 1 қазан – халықаралық Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
    Ұлтымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген қанатты сөз бар.
    Сіздер отансүйгіштіктің, парасаттылықтың жанашырлықтың, адалдықтың үлгісін көрсететін текті ұрпақсыздар.
    Елдің игілігі үшін ерен еңбектеріңіз көпке үлгі, өнеге.
    Кешегіде еліміздің, оның ішінде ауданымыздың жарқын жолында аянбай тер төгіп, ілгері жылжуына үлес қоссаңыздар, бүгінде қартайдым демей қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар көрсетіп келесіздер. Бұндай қадамдар ауданымызды көркейтуге, тұрғындарымыздың әл-ауқатының жақсартуға мол үлес қосары сөзсіз.
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ардагерлердiң жақсы өмiр сүруiне көп көңiл бөлiнуде.
    Жыл сайын зейнетақының өсуi, соғыс және еңбек ардагерлеріне жасалып жатқан жеңiлдiктер – аға буын өкілдеріне арналған қамқорлық.
    Ауданымыздағы қарттардың, ардагерлердің әлеуметтік жағдайы, күнделікті тыныс-тіршілігі, тиісті қол­даулар мен жеңілдіктерге ие болуы – әркез басты назарымызда.
    Қадірлі аға буын өкілдері!
    Сіздерге шынайы алғысымды
    білдіре келе, мерейлі мерекеде дендеріңізге
    саулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
    Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
    Құрметпен, Ұласбек Сәдібеков,
    Бәйдібек ауданының әкімі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары