Еңбек күніне орай іс-шара өткізілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Еңбек күніне орай іс-шара өткізілді

    Жағатал ауылдық округінде Еңбек күніне орай еңбек адамын дәріптеу, адал еңбектің қоғамдағы маңызын насихаттау және өскелең ұрпаққа еңбекқорлықтың үлгісін көрсету мақсатында іс-шара өткізілді.

    Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына еңбектің адам өміріндегі және қоғам дамуындағы маңызы түсіндіріліп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген еңбек адамдарының еңбегі атап өтілді. Сонымен қатар, түрлі салада ұзақ жылдар бойы еңбек еткен азаматтардың өнегелі еңбек жолы, кәсіби жетістіктері мен елді мекеннің өркендеуіне қосқан үлестері туралы айтылды. Шара барысында еңбек адамына құрмет көрсету, маңдай термен келген жетістікті бағалау, жастарды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытында тағылымды пікірлер айтылды.Іс-шара соңында еңбек ардагерлеріне және ауылдың қоғамдық өміріне белсенді атсалысып жүрген азаматтарға алғыс білдіріліп, еңбектеріне құрмет көрсетілді. Еңбек күні – адал еңбекті бағалап, маңдай терімен ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет білдіретін маңызды мереке.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары