«Балалардың құқықтарын қорғау және қолдау»

    «Балалардың құқықтарын қорғау және қолдау»

    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі өкіл жанындағы Сараптамалық кеңестің сарапшысы Г. Ниязовамен бірлесіп, «Дара Бала» коррекциялық орталығының жұмысымен танысты.

    Сапар барысында орталықта балаларға көрсетілетін түзету-дамыту қызметтерінің негізгі бағыттары, оның ішінде логопед-дефектолог, сенсорлық интеграция, нейропсихология, ABA-JASPER терапиясы, мектепке даярлау, топтық сабақтар және адаптивті дене шынықтыру бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы ақпарат берілді.

    Орталық қызметкерлерімен кездесуде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету, ата-аналармен өзара іс-қимыл жасау және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар, кездесу барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қызметі, бала құқықтарын қорғау тетіктері және әлеуметтік қолдауға мұқтаж балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндірме берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі" жаңалықтары