СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ДАРИҒА АБАЙҚЫЗЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

    СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ДАРИҒА АБАЙҚЫЗЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

    Депутаттың жеке қабылдауына Н. Г. Чернышевский атындағы № 1 мектептің директоры Гүлжан Төлеубаева жүгінді. Ол жылу желісі мен жол жабынын жөндеу жұмыстары барысында демонтаждалған мектеп қоршауын қалпына келтіру мәселесін көтерді.

    Өтініш берушіге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында түсініктемелер берілді. Мәселені қарауға бейнебайланыс арқылы әкім инспекторы қосылып, жағдайды бақылауына алды.

    Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу депутаттық қызметтің маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Семей қаласы мәслихатының аппараты" жаңалықтары