«Адал жүрек»

    «Адал жүрек»

    2026 жылғы 18 қыркүйек «Адал жүрек» қайырымдылық акциясы аясында Қостанай облысының Әділет департаментінің қызметкерлері алты баланы тәрбиелеп отырған әріптесіміз Исмагулова Жазира Ануарбекқызына көмек көрсетті. Жаңа оқу жылы қарсаңында отбасыға қолдау көрсетіп, балалардың мектепке қажетті құрал жабдықтарын дайындауға көмектесу ерекше маңызды болды. Департамент қызметкерлері бірлесе отырып, қажетті қаражат жинап, балаларға мектепке қажетті оқу құралдарын сатып алып берді. Өйткені мектепке дайындық - бұл тек дәптер, қалам және кеңсе тауарларымен шектелмейді. Бұл – қамқорлық, көңіл бөлу және баланың жанында оның отбасына қолдау көрсетуге дайын адамдар бар екеніне деген сенім. Ізгі істердің мәні олардың көлемімен өлшенбейді. Әрқайсымыздың кішкентай ғана үлесіміз көмекке мұқтаж жандар үшін үлкен қолдау бола алады.
    Бірлігіміз, жанашырлығымыз және шынайы көмек көрсетуге деген ниетіміз айналамызды мейірімділік пен жылулыққа толтыра берсін!

    Қостанай облысы
    Әділет департаментінің
    Баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары