
Дүниежүзілік тазалық күніне орай Жуалы ауданында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Асабаев бастап елді мекен көшелерінде тазалық жұмыстары жүргізіліп, оған мекеме қызметкерлері мен тұрғындар белсенді қатысты. Көшелер мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, қоршаған ортаның тазалығына ерекше көңіл бөлінді.
Тазалық – қоршаған ортаға деген жауапкершіліктен басталады. Туған жердің көркеюі – әр азаматтың ортақ ісі!









