БАЙҒАНИНДІК ЖАС БАЛУАНДАР — ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ!

    БАЙҒАНИНДІК ЖАС БАЛУАНДАР — ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ!

    2026 жылғы 14–23 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында ауыл жасөспірімдері арасында V жазғы ойындарының Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

    Еліміздің әр өңірінен жиналған жас спортшылар спорттың бірнеше түрінен сынға түсіп, ел біріншілігінің жүлделі орындары үшін бақ сынауда.

    Республикалық додада Байғанин балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрес балуандары жоғары нәтиже көрсетіп, аудан мерейін үстем етті.

    🥇 Жанпейісұлы Нұржан — 71 кг салмақ дәрежесінде I орын иеленіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды!

    🥈 Төлекбай Нұрсәт — 92 кг салмақ дәрежесінде II орын иеленіп, Қазақстан Республикасының күміс жүлдегері атанды!

    Бұл жетістік — жас спортшыларымыздың табанды еңбегі мен үздіксіз жаттығуының, жеңіске деген жігері мен спортқа деген жауапкершілігінің жарқын нәтижесі.

    Жеңіс тұғырынан көрініп, ауданымыздың абыройын асқақтатқан жас балуандарымызды және олардың бапкерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

    Спортшыларымызға алдағы жарыстарда сәттілік, мықты денсаулық, толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз! Ел намысын абыроймен қорғап, көк Туымызды биікте желбірете беріңіздер!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары