
КЕНТАУДА «ЕЛ ҮШІН ТУҒАН ЕРЛЕР» АТТЫ ЕСКЕ АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Кентау қаласында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 35 жыл толуына орай «Ел үшін туған ерлер» атты еске алу іс-шарасы өтті.
С.Қожанов саябағындағы «Азалы Ана» ескерткіші жанында өткен шараға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы, қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов қатысты.
Жиында Семей полигонының зардабынан қаза болған азаматтар бір минут үнсіздікпен еске алынып, полигон зардабын жою жұмыстарына қатысқан азаматтардың ел алдындағы еңбегіне құрмет көрсетілді.
Шара барысында сөз алғандар Семей полигонының жабылуының тарихи маңызына тоқталып, бейбітшілік пен ел бірлігінің құндылығын атап өтті.
Іс-шара соңында ескерткішке гүл шоқтары қойылып, қаза болған азаматтардың рухына тағзым етілді.








