Шиелі станциясында тамақтан уланудың алдын алу бойынша семинар өткізілді

    Шиелі станциясында тамақтан уланудың алдын алу бойынша семинар өткізілді

    Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2025 жылғы 30 маусымдағы №24-36-9-13/814-И шығыс хатына сәйкес, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының Шиелі аудандық филиалы басшысымен бірлесіп, 2026 жылғы 16 қыркүйекте Шиелі станциясының теміржол вокзалы перрондарында орналасқан сауда, қоғамдық тамақтану объектілерінің жеке кәсіпкерлері мен вокзал қызметкерлері арасында семинар өткізді. Семинар барысында тамақтан уланудың алдын алу, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын, оның ішінде қызметті жүзеге асыруға қажетті рұқсат құжаттарын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Семинардың мақсаты – тамақтан уланудың алдын алу және профилактикалық шараларды күшейту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Іс-шара барысында тамақтан улану туралы негізгі мәліметтер, тағам өнімдерін дұрыс сақтау, дайындау және пайдалану талаптары, сондай-ақ тамақтан уланудың алдын алу шаралары кеңінен түсіндірілді. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар беріліп, тиісті түсіндірмелер ұсынылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары