
Мемлекеттік еңбек инспекторы Н. Досмахановтың қатысуымен «QAZ-CO2» ЖШС-де орын алған жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру барысы
«QAZ-CO2» ЖШС-де орын алған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Арнайы тергеп-тексеру барысында мемлекеттік еңбек инспекторы Н. Досмахановтың қатысуымен жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептері анықталуда.
Тергеп-тексеру шеңберінде оқиға болған жерге тексеру жүргізіліп, жазатайым оқиғаға қатысты құжаттар зерделенуде, сондай-ақ оқиға куәгерлерінен, зардап шеккен қызметкердің әріптестері мен жауапты лауазымды тұлғалардан түсініктемелер алынуда.
Сонымен қатар, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау деңгейі, қызметкердің еңбек жағдайлары, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өтуі және жұмыс беруші тарапынан тиісті қауіпсіздік шараларының қамтамасыз етілуі зерделенуде.
Арнайы тергеп-тексеру қорытындысы бойынша жазатайым оқиғаның нақты мән-жайлары мен себептері анықталып, тиісті қорытынды жасалады. Сондай-ақ осындай жазатайым оқиғалардың алдағы уақытта алдын алу мақсатында қажетті шаралар белгіленетін болады.








