Жоламан Биғабыл - Азия ойындарының чемпионы

    Жоламан Биғабыл - Азия ойындарының чемпионы

    Аичи-Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты.

    Каратэші Жоламан Биғабыл 55 келіге дейінгі салмақта қарсыластарынан басым түсіп, Азия ойындарының чемпионы атанды. Ақтық сайыста отандасымыз Өзбекстан өкілі Хумоюнмирзо Халимовпен кездесіп, 9:1 есебімен жеңіске жетті.

    Жоламан бұған дейін жартылай финалда Индонезия спортшысы Мұхаммад Тегар Жануарды 6:1 есебімен ұтып, финалға жолдама алған болатын.

    Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында Аичи–Нагоядағы Азия ойындарының бес жүлдесі бар. Атап айтсақ, екі алтын және үш қола. Бұған дейін тас жолдағы велоспорттан Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко чемпион атанса, триатлоннан Арлан Жанабай және қазіргі бессайыстан ерлер құрамасы қола жүлдеге ие болды.

    Айта кетейік, бүгін каратэден Қазақстан құрамасының тағы бір спортшысы Софья Берульцева +68 келі салмақта Азия ойындарының алтыны үшін таласады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" жаңалықтары