Астанаға Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) бас директоры Оливер Неггли келді. 22–27 қараша аралығында елордада агенттіктің басқарушы органдары — Құрылтайшылар кеңесі мен Атқарушы комитетінің кездесулері мен отырыстары өтеді.
Қатысушылар Дүниежүзілік антидопинг кодексін іске асыру, таза спортты қорғау жүйесін дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды. Құрылтайшылар кеңесі — WADA-ның жоғары басқарушы органы. Оның құрамына спорт қозғалысы мен мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
Қазақстан Орталық Азияда алғаш рет WADA-ның осындай деңгейдегі іс-шараларын қабылдап отыр. Оливер Неггли агенттікті 2016 жылдан бері басқарады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







