СЭС қызметкерлері күні

    Тимирязев ауданында Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

    Аудан әкімі Ерлан Жаров санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған жауапты әрі маңызды еңбектері үшін алғыс білдірді.

    Іс-шара барысында үздік қызметкерлер аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және аудан тұрғындарының санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды.

    Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, амандық, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Тимирязев ауданының әкімдігі" жаңалықтары