Ақтауда 215 электронды темекі мен 31 қаптама снюс тәркіленді

    Ақтауда 215 электронды темекі мен 31 қаптама снюс тәркіленді

    Ақтау қаласында криминалдық полиция қызметкерлері тыйым салынған өнімнің заңсыз айналымына қатысты тексеру жүргізіп жатыр.

    Қаланың 28А шағын ауданында криминалдық полиция қызметкерлері Changan автокөлігін тоқтатып, көлікті тексеру барысында 64 дана WAKA электронды темекісін анықтап, тәркіледі.

    Жедел іс-шараларды жалғастыру барысында полиция қызметкерлері қаланың өндірістік аймағында орналасқан гараждардың біріне тінту жүргізді. Нәтижесінде тағы 151 дана электронды темекі мен 31 қаптама снюс тәркіленді.

    Осылайша, полиция қызметкерлері барлығы 215 электронды темекі мен 31 қаптама снюсты тәркіледі.

    Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

    Полиция азаматтарды қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға шақырып, тыйым салынған өнімдердің заңсыз айналымы үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары