
Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе технико-технологиялық колледжінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында «Жастарға кеңес» жобасы аясында 1–2 курс студенттерімен кездесу өтті.
Кездесуде: 🔹 Облыстық жастар ресурстық орталығының ақпараттық-кеңес беру және NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің маманы Дәулет Алмасұлы;
🔹 Ақтөбе қаласы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің өкілі Камиля Асылбекқызы;
🔹 Алыш белбеу күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Заманбек Қанатұлы;
🔹 Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы Алматы ауданы 2-ші қалалық полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Мұрат Штапбекұлы қатысты. Кездесу барысында студенттерге заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен жеке жауапкершілік туралы түсіндіріліп, маңызды кеңестер берілді.






