
Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 237 қаулысымен бекітілген 2026 жылға арналған іс-шаралар кестесін орындау мақсатында Қарағанды облысы бойынша МКД қызметкерлерге арналған түсіндіру семинары өткізілді.
📚 Семинар барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, оның маңызы, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөліне қатысты мәселелер қаралды.
🎤 Семинардың спикері – азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша адвокат, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Амрашева Роза Темировна @advokat_amrasheva_roza
Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, конституциялық нормаларды қолданудың практикалық аспектілерін талқылады.
🤝 Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және конституциялық заңнама саласындағы білімдерін нығайтуға ықпал етеді.








