Қарағанды облысы бойынша МКД-да СЭҚ қатысушыларымен дөңгелек үстел өткізілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қарағанды облысы бойынша МКД-да СЭҚ қатысушыларымен дөңгелек үстел өткізілді

    2026 жылғы 23 қыркүйекте Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Муслимов Н.Е.-ның төрағалығымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және уақытша сақтау орындарының иелерімен дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шараға Қарағанды облысы бойынша МКД құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, уақытша сақтау қоймаларының өкілдері, сондай-ақ Ғарыш техникасы және технологиялары институтының өкілі қатысты.

    Кездесудің негізгі тақырыптары уақытша сақтау орындары иелерінің кеден заңнамасы талаптарын сақтауы, сондай-ақ тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді іске асыру мәселелеріне арналды.

    Кездесу барысында қатысушыларға кеден заңнамасының талаптары, уақытша сақтау орындары иелерінің жол берілген бұзушылықтар үшін жауапкершілігі, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру қажеттілігі түсіндірілді.

    ЕАЭО заңнамасы шеңберінде навигациялық пломбаларды қолдану мәселесіне ерекше назар аударылды. Навигациялық пломбаларды салу және алу тәртібі, көлік құралдарын пломбалауды жүзеге асыратын ұлттық оператордың тасымалдаушылармен өзара іс-қимылы, сондай-ақ тәжірибеде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.

    Бизнес өкілдері де шешуді талап ететін бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, уақытша сақтау қоймалары қызметкерлерінің тауарларға арналған декларациялардың мәртебесін ақпараттық жүйеде жедел қарау мүмкіндігінің болмауы атап өтілді.

    Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша анықталған мәселелерді шешу және ақпараттық өзара іс-қимылды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Мемлекеттік кірістер комитетіне жолдау туралы шешім қабылданды. Бұл уақытша сақтау қоймаларынан тауарларды шығару процесінің жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барлық қатысушыларға конструктивті диалог пен кедендік әкімшілендірудің өзекті мәселелерін талқылауға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары