1 / 3
Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен А. Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің жатақхана студенттерімен кездесу өтті.
Кездесуге құқық қорғау органдарының полиция инспекторлары, «5 кесел» жобасының лудомания бағыты бойынша амбассадоры Жоламан Асанұлы және «Жас сақшы» қоғамдық ұйымының жетекшісі Жанель Ақеділқызы қатысты.
Кездесу жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға, заң талаптарын сақтауға және саналы өмір салтын ұстануға бағытталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









