
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ Жетісу облысы филиалының мамандары Қора өзені бассейніне авиациялық зерттеу жүргізді. Бұл аумақта 30-дан астам мореналық көл орналасқан.
Зерттеу барысында биік таулы мореналық көлдердің жағдайы мен жарылу қаупі бағаланды. №7 мореналық көлде оның тереңдігі мен су айдынының негізгі параметрлерін анықтау үшін батиметриялық жұмыстар жүргізілді.
Зерттеу қорытындысы бойынша №7 мореналық көлдің жарылу қаупі және төтенше жағдай туындау қаупі анықталған жоқ.
Мұндай зерттеулер биік таулы мореналық көлдердің жағдайын тұрақты бақылау, қауіпті өзгерістерді дер кезінде анықтау және сел қаупі бар аймақтағы халық пен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.









