ТМРК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың алдын ала нәтижелерін ұсынады

    ТМРК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың алдын ала нәтижелерін ұсынады

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2026 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде.

    Талдау Комитеттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін, сондай-ақ әзірлеушісі Комитет болып табылатын нормативтік құқықтық актілерді қамтиды.

    2026 жылғы 17-24 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың алдын ала нәтижелері бойынша жария талқылау өтеді.

    Азаматтар мен мүдделі тұлғалар аталған бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою жөніндегі ұсыныстарын 8 (7172) 74-26-74 телефоны арқылы немесе [email protected] электрондық поштасына жолдай алады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті" жаңалықтары