КЕНТАУДА САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Кентауда санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының кәсіби мерекесіне орай жиын өтті.
Жиынға қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы, қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов және «Әділет» партиясының төрағасы Арман Басаров қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Кәсіби мереке аясында халықтың денсаулығын қорғау және санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар мамандар алғыс хаттармен және арнайы төсбелгілермен марапатталды.
Шара барысында сала мамандарының халық денсаулығын сақтау мен қауіпсіз ортаны қалыптастырудағы еңбегінің маңыздылығы атап өтілді.








