АҢДАТПА❗

    2026 жылғы 16 қыркүйек сағат 10:00-де Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Әл-Фараби алаңы, №3/1 мекенжайында орналасқан «Shymkent Plaza» ойын-сауық кешенінің ғимаратында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтеді.

    Оқу-жаттығу барысында адамдар көп жиналатын нысандағы шартты өртті сөндіру, адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімшелері, нысан қызметкерлері мен қалалық қызметтердің өзара іс-қимылы пысықталады.

    ❗️Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

    Оқу-жаттығу жоспарлы түрде өткізілетініне байланысты өрт сөндіру техникасы мен арнайы қызмет көліктерінің қозғалысына алаңдамауларыңызды, үрейге бой алдырмай, сабырлық сақтауларыңызды сұраймыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары