
«Della Home» кәсіпорны 2020 жылы ашылып, балалар киімін өндірумен және көтерме саудада өткізумен айналысады. Бүгінде кәсіпорында 15 адам жұмыс істейді. Өнімдері бөлшек сауда дүкендерінде де ұсынылады.
Кәсіпорын әлемдік деңгейдегі материалдардан балалар киімін тігіп, өнім сапасына ерекше мән береді.
Айта кету керек, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесінің өңірлік кезеңінде «Della Home» «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында жеңімпаз атанды.
Байқаудағы жеңіс отандық өндірушінің өнім сапасын танытып, жергілікті бизнестің әлеуетін көрсетуге мүмкіндік берді.









