
- Сұрақ: Асыраушысы қайтқан жағдайдағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қай кезеңнен бастап тағайындалады?
Жауап: Асыраушысы қайтқан жағдайдағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы жәрдемақы алу құқығы туындаған күннен (асыраушы қайтыс болған күннен) бастап, бірақ жәрдемақы тағайындауға жүгінген күнге дейін он екі айдан аспайтын мерзімге тағайындалады.
- Сұрақ: Асыраушысынан айырылғаны бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қанша жасқа дейін төленеді?
Жауап: Асыраушысынан айырылғаны бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы балаларға он сегіз жасқа толғанға дейін төленеді. Он сегіз жастан асқан азаматтар күндізгі оқу нысанымен оқыған жағдайда, оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін асыраушысынан айырылғаны бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқылы.
- Сұрақ: Егер өтініш беруші жұмыс істемесе, ал бала 4 жаста болса, оған асыраушысынан айырылғаны бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлене ме?
Жауап: Асыраушысынан айырылған жағдайдағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемі, егер ата-ананың бірі немесе жұбайы не әкесі, ағасы немесе әпкесі жасына және еңбек қабілетіне қарамастан, егер ол қайтыс болған асыраушының сегіз жасқа толмаған балаларына, аға-інілеріне, әпке-сіңлілеріне немесе немерелеріне күтім жасаумен айналысатын және жұмыс істемейтін болса, жүзеге асырылады.
https://www.instagram.com/reel/DdTea1roIcc/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==









