
1. Неліктен Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен (ТОҚ) өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жоба іске қосылуда? Бұл пилоттық жоба қолданыстағы жүйенің қандай мәселелерін шешуге бағытталған ба?
Пилоттық жоба ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосылды және оңалтудың техникалық құралдарының (ОТҚ) қолжетімділігін арттыруға, күту мерзімдерін қысқартуға және жүйенің қолда бар ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануға бағытталған.Тәжірибеде кейбір ТОҚ пайдаланушының қажеттілігі өзгергенде, ауыстырылғанда немесе өзге де өмірлік жағдайларға байланысты техникалық тұрғыдан әрі қарай пайдалануға жарамды күйде қалатын жағдайлар кездеседі. Алайда қолданыстағы жүйеде оларды қайтару, қалпына келтіру және қайта беру тетігі толық қарастырылмаған.
Пилоттық жоба ТОҚ резервтік қорын қалыптастыру тетігін, олардың техникалық бағалануы, жөнделуі, дезинфекциялануы және жабдықты жедел ауыстыруды қажет ететін адамдарға уақытша берілу жүйесін сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.
2 . Пилоттық жоба аясында қандай ТОҚ қайта пайдалануға беріледі, ал қайсысы берілмейді?
Қайта пайдалану тек техникалық қалпына келтіруден, дезинфекциядан және жаңа пайдаланушыға бейімдеуден қауіпсіз өте алатын ТОҚ-тың жекелеген түрлері үшін ғана мүмкін болады. Әрбір бұйым бойынша шешім әлеуметтік-техникалық сараптама қорытындысы негізінде қабылданады. Сонымен қатар санитариялық, техникалық немесе пайдалану сипаттамалары бойынша шектеулері бар жеке пайдалануға арналған ТОҚ қайта пайдаланылмайды.
3. ТОҚ-ты қайтару, тексеру және оны басқа адамға қайта беру іс жүзінде қалай жүзеге асырылады?
ТОҚ қайтарылғаннан кейін әлеуметтік-техникалық сараптама жүргізіледі, оның аясында бұйымның техникалық жай-күйі, әрі қарай пайдаланудың қауіпсіздігі және қалпына келтіру мүмкіндігі бағаланады. Қажет болған жағдайда ТОҚ жөндеуден, техникалық қызмет көрсетуден және дезинфекциядан өтеді. Тек содан кейін ғана жабдық басқа пайдаланушыға кейіннен беру үшін резервтік қорға енгізілуі мүмкін.
4. Пайдаланылған ТОҚ-тың қауіпсіз әрі қайта пайдалануға жарамды екеніне кім кепілдік береді?
Әрбір ТОҚ міндетті техникалық бағалаудан өтеді, оған бейінді мамандар қатысады. Қайта беру тек қауіпсіздігі, жарамдылығы және белгіленген пайдалану талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
5.Техникалық оңалту құралын алдыңыз, бірақ ол істен шыққан, сапасы нашар, сізге сәйкес келмейді немесе тапсырыс берген затыңыздың орнына басқа құрал келді ме?
1-қадам. Мәселені бірден тіркеңіз.
Ақауды фотоға түсіріп, бейнежазба жасаңыз. Құралды алғаныңызды растайтын құжаттарды және Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы берген тапсырысыңыз туралы ақпаратты сақтаңыз.
2-қадам. Өнім берушіге жүгініңіз.
Мәселенің нақты неде екенін көрсетіп, бұзушылықты жоюды талап етіңіз: жағдайға қарай техникалық оңалту құралын ауыстыруды немесе жөндеуді сұраңыз.
3-қадам. Мәселе шешілмесе — Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шағым беріңіз.









