Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері талқыланды

    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері талқыланды

    Алматы қаласында өткен Конгресс аясында Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күніне орай «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудің заманауи сын-қатерлері мен перспективалары» секциясы өтті.

    Секция жұмысына мемлекеттік органдардың, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, ЮНИСЕФ-тің, еліміздің медициналық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысты.

    Қатысушылар санитариялық-эпидемиологиялық қатерлерді ерте анықтау және олардың алдын алу, санитариялық-гигиеналық мониторингті жетілдіру, тәуекелдерді бағалау, қоршаған ортаның жай-күйі мен халық денсаулығы туралы деректерді интеграциялау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ ауа мен су сапасының халық денсаулығына әсері және климаттық тәуекелдер қарастырылды.

    Талқылаудың маңызды бағыттарының бірі еңбек гигиенасы және кәсіптік денсаулық мәселелері болды. Мамандар кәсіптік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерін, аурулардың алдын алуды және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет үшін кадрлар даярлау мәселелерін қарастырды.

    Секция қорытындысы бойынша қарар қабылданды. Қарарға интеграцияланған санитариялық-гигиеналық мониторингті дамыту, климаттық тәуекелдерді ерте ескерту жүйесін жетілдіру, санитариялық-эпидемиологиялық аудитті және тәуекелге бағдарланған қадағалауды дамыту жөніндегі ұсыныстар енгізілді.

    Сонымен қатар өндірістік зиянды факторлардың мониторингін күшейту, кәсіптік аурулардың алдын алу және еңбек гигиенасы саласындағы нормативтік және әдістемелік базаны өзектендіру ұсынылды.

    Қабылданған ұсыныстар халық денсаулығына төнетін тәуекелдерді уақтылы анықтауға және олардың алдын алуға көшуге бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" жаңалықтары