Ел саулығы: Алакөл ауданында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына құрмет көрсетілді

    Ел саулығы: Алакөл ауданында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына құрмет көрсетілді

    Ел саулығы: Алакөл ауданында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына құрмет көрсетілді

    Алакөл ауданында Санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлер күніне орай сала мамандарын құттықтау рәсімі өтті.

    Шараға аудан әкімінің орынбасары Төлеужанов Мәулен Төлеубекұлы және Алакөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысының міндетін атқарушы Нурмухамбет Әлібек Хайрбекұлы қатысты.

    Аудан әкімінің орынбасары қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің халық денсаулығын қорғаудағы маңызын атап өтті. Әсіресе COVID-19 пандемиясы кезінде және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алуда сала мамандарының атқарған еңбегіне тоқталды.

    Шара барысында бірқатар қызметкер аудан әкімі Абдинов Алмас Сапарғалиұлының Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен марапатталып, оларға гүл шоқтары табысталды.

    Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласының барлық мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алакөл ауданының әкімдігі" жаңалықтары