Өңір басшысының атынан жиналған көпшілікті облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев құттықтады

    Өңір басшысының атынан жиналған көпшілікті облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев құттықтады

    Жетісу облысында Еңбек күніне арналған салтанатты шара өтті. Шараға құрылысшылар, диқандар мен шаруалар, дәрігерлер, педагогтер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мамандары, ветеринарлар, спортшылар, әлеуметтік қызметкерлер, журналистер мен басқа да сала өкілдері шақырылды. Барлығын көпжылдық еңбек тәжірибесі, жауапкершілік және өз ісіне деген адалдық біріктіреді. Шара барысында көпжылдық еңбек өтілі бар кәсіби мамандар мен еңбек әулеттеріне құрмет көрсетілді.

    ✅ Өңір басшысының атынан жиналған көпшілікті облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев құттықтады.

    💬 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар әрдайым құрмет пен қошеметке бөленуі қажет. Бұл біздің «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатымызға толық сай келеді. Жетісу – зор әлеуеті бар, өнеркәсібі өркендеген және ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан өңір. Бүгін біз күнделікті еңбегімен облыстың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды бірге ұлықтап отырмыз», – дей келе, марапаттау рәсіміне көшті.

    👏🏼 Шара барысында ауыл шаруашылығы, ветеринария, құрылыс, ТҮКШ, әлеуметтік сала, спорт, азаматтық қорғау мен қоғамдық қауіпсіздік және басқа да экономика салаларында 20 жылдан 50 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан көпжылдық өтілі бар мамандар марапатталды.

    🎊 Осы күні «Еңбек жолы» өңірлік конкурсының жеңімпаздары бөлек атап өтілді. «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша бірнеше ұрпағы өмірін спортты дамытумен байланыстырған Қожахметовтер отбасы марапатқа ие болды. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында 24 жылдық еңбек өтілі бар әрі 100-ден астам оқушы тәрбиелеген Елтай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлмайра Қыдырбаева үздік деп танылды. «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында Текелі тау-кен қайта өңдеу кешенінің жетекші инженер-жобалаушысы Мерей Дүбеков жеңімпаз атанды.

    ✔️ Бұл күні еңбек ардагерлеріне де ерекше ілтипат көрсетілді. Сондай-ақ бірқатар мамандар «Еңбек адамы» төсбелгілерімен және «Әділет» партиясының Алғыс хаттарымен марапатталды.

    🎉 Шара соңында еңбек ардагерлері әріптестері мен жас мамандарды құттықтап, соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алакөл ауданының әкімдігі" жаңалықтары