
825 мың тонна: Қазақстан авиаотын өндірісі бойынша жоспарды асыра орындамақ
Биыл 750 мың тонна авиациялық отын өндіру жоспарланған еді. Ал 8 айдың қорытындысы бойынша 591 мың тонна өндірілді. Жыл қорытындысында 825 мың тонна өнім өндіріледі деп күтілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.









