
2026 жылдың 11 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен облыстың мемлекеттік сот орындаушыларымен жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнамаға енгізілген өзекті өзгерістер мен жаңашылдықтар, сондай-ақ оларды тәжірибеде қолдану талқыланды.
Сонымен қатар, атқарушылық құжаттарды орындаудың тиімділігін арттыру, заң талаптарын сақтау және мемлекеттік сот орындаушыларының жұмысын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша тисіті міндеттер айқындалып, нақты тапсырмалар берілді.









