Депутаттардың назарына!

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Депутаттардың назарына!

    2026 жылғы 23 қыркүйекте сағат 11:00-де аудандық мәслихатта сегізінші шақырылған Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының кезекті ХLV сессиясы өтеді:

    Сессияның қарауына:

    1. Аютас ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
    2. Семипол ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
    3. 2025-2029 жылдарға арналған Шал ақын ауданында жайылымды басқару және оларды пайдалану жоспарының орындалуы бойынша есеп.
    4. Аудандық мәслихат сессиялары шешімдерінің, оларда айтылған ескертулер мен ұсыныстардың орындалуы туралы.
    5. Шал ақын ауданы мәслихаты депутаттарының жергілікті мемлекеттік органдарға, мекемелер мен ұйымдарға жіберген депутаттық сауалдарды қарау туралы.
    6. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты»

    коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы сұрақтар енгізіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары