Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты

    Жалпы ақпарат

    Құрметті пайдаланушылар!

    Шал ақын ауданы мәслихатының ресми сайтына қош келдіңіз.

    Мәслихаттарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің халқы жалпыға бірдей, тең, тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.

    Мәслихаттың шешімдері мәслихаттың актілері болып табылады.

    Мәслихат өз өкілеттігін сессияларда, тұрақты комиссиялар және өзге де органдар, мәслихат депутаттары мен төрағасы арқылы жүзеге асырады және жылына кемінде бір рет халық алдында атқарылған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп береді.

    Бұдан басқа, аудандық мәслихаттың ресми сайтында мәслихаттың депутаттық корпусының қызметі туралы толық ақпарат, олардың сессияларда, тұрақты комиссиялардың отырыстарында қабылдаған жұмыс жоспары мен шешімдері, нормативтік-құқықтық база ұсынылатын болады.

    Бүгінгі таңда кез-келген мемлекеттік органның қызметі кез-келген қазақстандық үшін қоғамдық, ашық және қол жетімді болуы керек, бұл өз кезегінде кез-келген азаматқа өз өтініштерін өзіне ыңғайлы уақытта аудан депутаттарына онлайн форматта жіберуге мүмкіндік береді.

    Біздің сайт арқылы біз аудан тұрғындарына туындаған мәселелерді шешуге көмектесе аламыз деп үміттенемін.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ереже

    «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

    «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мәслихаттың үлгі регламентінің 79-тармағына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қоса беріліп отырған «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже (одан әрі - Ереже) бекітілсін. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29/3 шешімінің күші жойылды деп танылсын. Жоғарыда көрсетілген Ереже заңмен белгіленген тәртіппен тіркеуші органда тіркеуден өтсін. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының төрағасы Қ. Жанғожинов

    Жарияланды:
    Жоба

    шешім жобасы

    Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақынауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Осы шешімнің қосымшасынасәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының төрағасы Қ. Жанғожинов

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Күші жойылды деп танылған Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің тізбесі

    Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2026 жылғы «__» _________ № ___ шешіміне қосымша Күші жойылды деп танылған Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің тізбесі Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2022 жылғы 10 тамыздағы № 23/15 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2022 жылғы 10 тамыздағы № 23/15 «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 2/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2022 жылғы 10 тамыздағы № 23/15 «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 4 шілдедегі № 6/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2022 жылғы 10 тамыздағы № 23/15 «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2025 жылғы 27 тамыздағы № 33/5 шешімі.

    Жарияланды:
    Түсіндірме жазба

    «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихаты шешімінің жобасына түсініктеме жазбахат

    «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақынауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихаты шешімінің жобасынатүсініктеме жазбахат Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы - «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері - «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының27-бабынасәйкес. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) - қажет емес. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын халықтың ауқымды топтары үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдары, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы - болжам жоқ. Әлеуетті стейкхолдерлер (мемлекет, бизнес-қоғам, халық, өзге санаттар) үшін мүмкін салдарды егжей-тегжейлі сипаттайтын нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері – мақсаты - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру; мерзімі - жобаны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізу көзделеді. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы - жоқ. Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі - сәйкес келеді. Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері - нормативтік құқықтық актінің жобасын қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайту және (немесе) ұлғайту көзделмеген. Шал ақын ауданы мәслихатыныңаппарат басшысыГ. Ясеновская

    Жарияланды: