«Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мәслихаттың үлгі регламентінің 79-тармағына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қоса беріліп отырған «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже (одан әрі - Ереже) бекітілсін.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29/3 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Жоғарыда көрсетілген Ереже заңмен белгіленген тәртіппен тіркеуші органда тіркеуден өтсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының төрағасы Қ. Жанғожинов