Исатай ауданында тұрғындармен ашық кездесу өтті

    Исатай ауданында тұрғындармен ашық кездесу өтті

    Ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовтың Исатай ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесуі өтті.

    Жиынға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Игілік Аубакиров қатысты.

    Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, жол, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

    Тұрғындар өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді көтеріп, оның ішінде еңбек қатынастарына қатысты мәселелер бойынша да ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік алды.

    Кездесу соңында облыс әкімі көтерілген мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдардың басшыларына нақты тапсырмалар берді.

    Сондай-ақ облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" жаңалықтары