Жамбылда полицейлер арасында жекпе-жек ұрыстан облыс біріншілігі өтті

    Жамбылда полицейлер арасында жекпе-жек ұрыстан облыс біріншілігі өтті

    Жамбылда полицейлер арасында жекпе-жек ұрыстан облыс біріншілігі өтті

    💪Спорттық додаға облыстың қала және аудандық полиция бөлімдерінен, сондай-ақ арнайы мақсаттағы бөліністерден командалар қатысты.

    ✅Жарыстың негізгі мақсаты – қызметкерлердің жауынгерлік даярлығын шыңдау, дене дайындығын жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау.

    🤼‍♂️Бірнеше кезеңнен тұратын тартысты бәсекеде полицейлер күш, ептілік пен төзімділіктерін сынады. Нәтижесінде қалалық және аудандық полиция бөлімдері арасында:
    🥉 III орын – Сарысу АПБ командасы;
    🥈 II орын – Тараз қаласы ПБ командасы;
    🥇 I орын – Меркі АПБ командасы.

    Ал арнайы мақсаттағы бөліністер арасында:
    🥈 II орын – ПД Оқу-жаттығу взводы;
    🥇 I орын – ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы жеңіп алды.

    «Мықты дене дайындығы – кәсіби қызметтің маңызды бөлігі. Полиция қызметкерлері үшін мұндай жарыстар қызметтік шеберлікті арттырып қана қоймай, командалық рухты нығайтуға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Асет Оспанов.

    🏆Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге, үздік нәтиже көрсеткен қызметкерлерге ПД бастығының Алғыс хаттары және кубоктар, естелік сыйлықтар табыс етілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Полиция департаменті" жаңалықтары