ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

    ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ
    Құрметті аудан тұрғындары!
    Сіздерді Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    🇰🇿 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз құттықтауында: «Отбасы – ұлттың бірегей болмысын айқындайтын және мемлекет пен қоғамның дамуына тікелей ықпал ететін айрықша маңызды институт», – деп атап өтті.
    ✅ Шын мәнінде, отбасы – әр адамның дүниетанымы мен адами қасиеттері қалыптасатын қасиетті шаңырақ. Ана жүрегінің жылуы, әкенің өнегесі, үлкендердің ақылы мен батасы – ұрпақ тәрбиесінің берік негізі.
    ✅ Қазақ халқы ежелден отбасы құндылықтарын, үлкенге құрмет пен кішіге ізетті, бала тәрбиесін басты орынға қойған. Салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы да отбасындағы тәлім-тәрбиеден басталады.
    🌿 Мемлекет басшысы атап өткендей, әр шаңырақтың бақытты өмір сүруі – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды мақсаттардың бірі. Осы ретте бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, жас ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау – баршамызға ортақ міндет.
    ⚜️ Осы айтулы күні әр отбасына зор денсаулық, бақ-береке, ынтымақ пен татулық тілеймін. Әр шаңырақта ата-ананың мерейі үстем болып, балалардың күлкісі мен қуанышы үзілмесін!
    ⚜️ Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең, босағаларыңыз берік болсын!
    Отбасы күні құтты болсын!
    Төлеби ауданының әкімі
    Еркеғали Әлімқұлов
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары