ҚАРИЯСЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛДІҢ ҚҰТЫ АРТАДЫ

    ҚАРИЯСЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛДІҢ ҚҰТЫ АРТАДЫ
    ✅ 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік жиын «Millennium» дәмханасында өтті.
    ✅ Қазақ халқы қашанда қариясын қазынасына балап, үлкенін төрге оздырған. Ақсақалдың ақылы мен батасы, ақ жаулықты әженің өнегесі – кейінгі ұрпаққа жол сілтер рухани темірқазық. «Қарты бар елдің қазынасы бар», «Үлкенге құрмет – кішіге міндет» деген ұлағатты сөздер халқымыздың осы бір ізгі дәстүрін айшықтай түседі.
    ✅ Салтанатты шараға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық сот төрағасы Ғани Байарыстан, аудан прокуроры Дабыл Аянұлы және аудандық полиция бөлімінің басшысы Нұрдәулет Әжібеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Ақтаев қатысып, ардагерлер мен қарияларға ізгі тілектерін жеткізді.
    ✅ Мерекелік жиында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы аға буын өкілдерін айтулы мерекемен құттықтап, олардың елдің өсіп-өркендеуіне қосқан елеулі үлесіне тоқталды.
    📌 «Сіздер ауданның өсіп-өркендеуіне өз үлестеріңізді қосып, талай жыл бойы абыройлы еңбек еттіңіздер. Бүгінгі бейбіт өмір мен берекелі тіршіліктің негізінде сіздердің маңдай терлеріңіз, қажыр-қайраттарыңыз және елге деген адал қызметтеріңіз жатыр.
    Әрқайсыңыздың өмір жолыңыз – кейінгі ұрпаққа өнеге, ал ақыл-кеңестеріңіз – елдіктің, бірліктің және адамгершіліктің бағалы мектебі», – деді аудан әкімі.
    ✅ Сонымен қатар аудан басшысы ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығына тоқталып, аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесі мен тағылымды жолы кейінгі ұрпаққа әрдайым бағыт-бағдар болатынын атап өтті.
    Ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беруге және өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.
    📌 «Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін. Әрдайым елдің құрметіне бөленіп, ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, абырой биігінде ғұмыр кеше беріңіздер», – деді Еркеғали Амантайұлы.
    ✅ Мерекелік басқосуда ақ дастарқан жайылып, қарияларға құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды. Бұл – аға буынға деген айрықша сый-құрметтің және олардың ел өміріндегі ерен еңбегіне деген шынайы ризашылықтың жарқын көрінісі болды.
    ✅ Қариясын ардақтап, ақылын тыңдаған елдің рухы биік, бірлігі бекем болады. Үлкенге құрмет көрсету – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ізгі дәстүрін дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтудың жарқын үлгісі.
    ✅ Қариясы қазыналы, батасы берекелі елдің мерейі әрдайым үстем болғай!
    ©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары