Білікті маман-қоғам сұранысы

    Білікті маман-қоғам сұранысы

    Мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілік пен кәсіби біліктілікті талап ететін сала. Бұл бағытта өз білімін үнемі жетілдіріп, өмірлік тәжірибесін ел игілігіне арнап келе жатқан білікті мамандар аз емес. Солардың бірі – мемлекеттік қызмет саласында 15 жылдан астам табанды еңбек етіп келе жатқан Әсел Берденова.
    Әсел Мақсотқызы 2007 жылы ол Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын 2008 жылы Атырау облысы көлік прокуратурасында жетекші маман қызметінен бастады.
    2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызмет комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің штаттан тыс заңгер-кадр маманы болып жұмыс істеді. 2013 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы ақпанға дейін осы департаментте персоналды басқару жөніндегі бас маман-заңгер қызметін атқарды. Кейін аталған мекеме Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті болып қайта құрылды.
    2022 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Әсел Мақсотқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
    Еңбек жолы барысында Әсел Мақсотқызы жоғары ұйымдастырушылық қабілеті мен бастамашылдығын, ұжымда ынтымақтастық ахуалын қалыптастырып, үйлесімді жұмыс ортасын құра білу қабілетін танытты. Ол өзінің ізгі ниетімен, әдептілігімен және сыпайылығымен ерекшеленеді. Кәсіби білімі мол, ұжымның қоғамдық өміріне белсене қатысады.
    Азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін Әсел Мақсотқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарымен, 2026 жылы Медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
    Ол мемлекеттік қызметші ретінде ел алдындағы тікелей міндеттерін орындаумен қатар, жұмыстағы, отбасындағы, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа, адамдармен ортақ тіл таба білуде жеке бас үлгісін көрсетіп келеді.
    Әсел Мақсотқызының еңбек жолы – адалдықтың, кәсібиліктің және елге қызмет етудің айқын үлгісі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" жаңалықтары