
Шарбақты аудандық мәслихатында екі тұрақты комиссияның бірлескен отырыстары өтті.
Отырыс барысында ауылдық округтерде медициналық қызметтердің қолжетімділігі, спорт пен дене шынықтыруды дамыту, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу, әлеуметтік сала объектілерін жылыту маусымына дайындау, сондай-ақ Шарбақты ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Барлық мәселелер бойынша жауапты басшылардың баяндамалары тыңдалып тиісті қаулылар қабылданды





