Қызметті тоқтату туралы өтініштерді өңдеу тәртібі

    Қызметті тоқтату туралы өтініштерді өңдеу тәртібі

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Интеграцияланған салықтық әкімшілендіру жүйесі» (ИСӘАЖ) ақпараттық жүйесінде салық төлеушілердің қызметін тоқтату туралы өтініштерді өңдеу алгоритмін түсіндірді.
    Қызметті тоқтату туралы өтінішті:
    • **«Салық төлеушінің кабинеті»** арқылы электрондық түрде;
    • орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына қағаз жеткізгіште беруге болады.

    Өтініш берілгеннен кейін жүйе автоматты түрде:
    қажетті құжаттар мен мәліметтерді тексереді;
    камералдық бақылау жүргізеді;
    «Таратылу сатысында» мәртебесін беріп, кейін оны алып тастайды;
    заңнама талаптары толық орындалғаннан кейін салық төлеушіні салықтық тіркеу есебінен шығарады.

    Комитеттің мәліметінше, қолданыстағы алгоритмге сәйкес салық төлеушілерді тарату, қызметін тоқтату және салықтық тіркеу есебінен шығару мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері арасында қызметтік хат алмасу талап етілмейді. Себебі барлық рәсімдер ақпараттық жүйелердің өзара ықпалдасуы арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

    Сондай-ақ Комитет **Клиенттерге қызмет көрсету орталықтары (КҚКО)** мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты функцияларды ғана жүзеге асыратынын еске салады. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген өзге функцияларды КҚКО қызметкерлеріне жүктеуге жол берілмейді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары