«БІР ЧЕК – ЕКІ ҰТЫС!» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСЫП, АВТОКӨЛІК ҰТЫП АЛЫҢЫЗ!

    1 / 5
    Amian сервисінде сатып алушылар мен кәсіпкерлерге арналған республикалық акция басталды.
    Жалпы жүлде қоры – 12 бағалы сыйлық:
    ▪️ 6 автокөлік;
    ▪️ 2 смартфон;
    ▪️ 2 планшет;
    ▪️ 2 ноутбук.
    Сатып алушылар қалай қатыса алады?
    1. Amian мобильді қосымшасын жүктеп, тіркеліңіз және сәйкестендіруден өтіңіз.
    2. Акцияға қатысушы кәсіпкерлерден кемінде 1 000 теңгеге сауда жасаңыз.
    3. Фискалдық чектің QR-кодын 24 сағат ішінде сканерлеңіз.
    4. Күніне 3 чекке дейін тіркеңіз.
    Әрбір тексерілген чек – ұтысқа қатысудың бір мүмкіндігі. Сатып алушылар үшін қатысу тегін!
    Кәсіпкерлер қалай қатыса алады?
    1. Business Go платформасында ЭЦҚ арқылы тіркеліп, жылдық қызметтер пакетіне қосылыңыз.
    2. Amian Business сервисіне сауда нүктесін қосып, сатып алушыларға арналған адалдық бағдарламасын іске қосыңыз.
    3. Сатып алушыларға жеңілдіктер, кешбэк пен бонустар ұсынып, фискалдық чектер беріңіз.
    Ұтыс ойындарының кестесі:
    ▪️ 2026 жылғы 1 желтоқсан – смартфондар;
    ▪️ 2027 жылғы 1 қаңтар – автокөліктер;
    ▪️ 2027 жылғы 1 ақпан – планшеттер;
    ▪️ 2027 жылғы 1 наурыз – автокөліктер;
    ▪️ 2027 жылғы 1 сәуір – ноутбуктер;
    ▪️ 2027 жылғы 1 мамыр – автокөліктер.
    Әр кезеңде екі жеңімпаз анықталады: біреуі – сатып алушылар, екіншісі – кәсіпкерлер арасынан.
    Ұтыс ойындары сағат 19:00-де Астана уақыты бойынша тікелей эфирде өткізіледі.
    Нәтижелерді Instagram және TikTok желілеріндегі @BusinessGo_kz парақшасынан көре аласыздар.
    Акция 2027 жылғы 30 сәуірді қоса алғанда жалғасады.
    Тегін байланыс нөмірі: 1432.
    Фискалдық чекті талап етіңіз, Amian қосымшасында тіркеңіз және бағалы сыйлықтардың иегері атану мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары