Кітап оқу марафоны

    Кітап оқу марафоны

    Құрметті әріптестер!

    15 қыркүйек күні тіркелу кезеңі аяқталғаннан кейін кітап оқу марафоны басталады.

    Марафон аясында мектепішілік, аудандық және облыстық кезеңдер бойынша тестілеу қатысушылардың жеке кабинеттерінде қолжетімді болады.

    Әрбір оқылған кітап және оған берілген кері байланыс үшін қатысушыларға ұпай есептеледі.

    Әр білім беру ұйымынан ең жоғары ұпай жинаған 3 қатысушы келесі кезеңдерге жолдама алады.

    Баршаңызды кітап оқу марафонына белсене қатысуға шақырамыз! Кітап оқып, білімдеріңізді шыңдап, өз мүмкіндіктеріңізді сынап көріңіздер!

    Абай облысының намысын республикалық кезеңде абыроймен қорғап, жеңімпаз атанатындарыңызға кәміл сенеміз!

    Сәттілік серіктеріңіз болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары