Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Бәйтерек ауданының тұрғындармен кездесуі

    Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Бәйтерек ауданының тұрғындармен кездесуі

    Құрметті аудан тұрғындары!

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында, Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Т.Төреғалиевтің 2026 жылдың 23 қыркүйек күні сағат 10:30-да Бәйтерек ауданы, Щапов ауылында аудан халқымен кездесуі өтеді.

    Өтетін уақыты мен орны: 23.09.2026 ж. сағ.10:30. БҚО, Бәйтерек ауданы, Щапов ауылы, Байқоңыр көшесі №16, ауылдық клуб ғимараты.

    Аудан тұрғындары өздерінің сұрақтары мен ұсыныс-пікірлерін алдын-ала [email protected] электронды поштасына және +7 708 358 34 20 WhatsApp желісіне жолдауына болады. Сонымен қатар, Бәйтерек ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы аудан әкімі блогына https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek?lang=kk сілтемесі бойынша электронды форматта жолдауыңызға болады.

    Ұсыныс пікірлерді жолдаған кезде жіберушінің аты-жөні, тұратын мекен-жайы мен байланыс телефоны көрсетілуі керек.

    Сондай-ақ, тұрғындармен кездесу өткеннен кейін облыс әкімі мен сала басшылары азаматтарға жеке қабылдау өткізетін болады.


    Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бәйтерек ауданының әкімдігі" жаңалықтары