"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына сәйкес, тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан немесе кемістіктерден болатын организм функцияларының тұрақты едәуір немесе айқын білінетін бұзылуы бірінші топтағы мүгедектікті немесе бірінші топтағы мүгедектігі бар баланың санатын белгілеу үшін негіз болып табылады:
- өзіне-өзі қызмет көрсетуге үшінші дәрежедегі шектелу;
- жүріп-тұруға үшінші дәрежедегі шектелу;
- еңбек қызметіне (еңбек ету қабілетіне) үшінші дәрежедегі шектелу;
- оқуға үшінші дәрежедегі шектелу;
- бағдарлай білуге үшінші дәрежедегі шектелу;
- қарым-қатынас жасауға үшінші дәрежедегі шектелу;
- өзінің мінез-құлқын бақылауға үшінші дәрежедегі шектелу.








